Сансызбай Құттыбаев шығармашылығы

Бұйрат (1993ж)

Сансызбай Құттыбаевтың алғашқы шығарған өлең кітабы. Осы кітап ақынның өзіне тән шығармалық қолтаңбасымен көпшілік қауымға танылды.

Ақ шағыл (1998ж)

Ақынның бұл жинағында 1998-ші жылға дейінгі жазылған жырлары топтастырылған. Кезінде оқырман қауымды өзіндік қолтаңбасымен елең еткізген қаламгер, қай өлеңінде болмасын, ыстық сезімді ұшқыр оймен астастырып, астарлы шеберліктің әдібін ашуды оқушының өз еркінде қалдырады. Жинақтың тілі шұрайлы, тақырыптық аясы сан алуан.

Өй өрімдері (2001ж)

Сансызбай Құттыбайұлы өмірден өз білгені мен түйгенін түптей білген азамат, ақын "Ой өрімдері" атты осы кітаптағы ұсынылып отырған ой оралымдары қысқа да нұсқа өлең жолдарымен көмкерілген.

Ұшан теңіз, ұлы құм (2003ж)

Ақын Сансызбай Құттыбаевтың бұл кітабына 2003-ші жылға дейінгі жазған өлеңдері мен дастандары жинақталып отыр. Шығарма тақырыбы туған жер, дәстүр мен салт, ерлік рухы, махаббат сезімдерінен тармақталады. Өз оқырмандарын ақын жырлары лирикалық иірімдерімен, отансүйгіштік өр даусымен ынтықтыра түседі.

Қырық жол (2007ж)

Ақынның бұл таңдамалы жинағына әр жылдары жазылған өлеңдері мен дастандары еніп отыр. Жинақ ақынның поэзия көгіне бұрынғадын да биіктеп көтеріле түскенін аңғартады.

Сансызбай Құттыбаев шығармалары (2008ж)

"Сырдария кітапханасының" құрамында беріліп отырған ақын Сансызбай Құттыбаевтың "Қырық жол" атты жыр жинағы үш бөлімнен тұрады. Автор Арал теңізінің бір бүйіріндегі Құланды атты өңірде туып-өскен. Соған орай оның қай өлеңінен де осынау мерейлі мекеннің мол суреті, қадір-қасиеті көз алдыңызға келеді. Ақын туған жер тағдырына жан-тәнімен беріліп, тебірене жырлайды. Кітап авторы үшін жыр жазу - оның өмірінің мәні де, мағынасы да. Өлеңсүйер оқырман оған ақын жырларын оқу үстінде көз жеткізуіне болады. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

!!!
Сайтта жарияланған кез келген материал интеллектуалдық меншік болып есептеледі.
Сайттың материалдарын сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз көшіріп басуға тыйым салынады және рұқсат етілген жағдайда міндетті түрде Santore.kz сайтын атап көрсетіп, бастапқы дереккөзге гиперсілтеме жасау қажет. !!!