Сансызбай Құттыбайұлының поэзиясына арналған 2021 жылы 22 наурыз бен 23 мамыр аралығында өткен «Шабыт өрені» атты республикалық жас ақындар мүшәйрасының ақтық нәтижелері
Әділқазылар алқасы ақылдаса отырып, мүшайра талаптарына сәйкес әр бөлімге үш орыннан белгіледі. Үш тақырыпты қамтыған шығармалар ішінен бір автор шығармасына бас жүлде тағайындалды. Қалған 15 автор арнайы жүлдеге (ынталандыру сыйлығы) лайық деп танылды.
«Туған жер» тақырыбы бойынша:
1-орын: Мәруаұлы Александр (Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, 16 жас)
2-орын: Төремұратова Альбина (Атырау қаласы, 16 жас)
3-орын: Шархан Мұхаммед-Қанапия (Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, 20 жас)
«Армандарым» тақырыбы бойынша:
1-орын: Берікбол Әлия (Алматы облыс, Ақсу ауданы, 14жас)
2-орын: Шекербек Айсана (Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, 17 жас)
3-орын: Елеусінов Бекзат (Атырау облысы, Исатай ауданы, 16 жас)
«Ұлттық сезім» тақырыбы бойынша:
1-орын: Қуандық Жансая (Қызылорда қаласы, 15 жас)
2-орын: Айгерім Мүлікқызы (Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, 17 жас)
3-орын: Оразбай Ұлжан (Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, 16 жас)
Бас жүлде – Орынбай Ақбота (Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, 16 жас)
Әділқазылар алқасы:
Ғалым Жайлыбай (Төрағасы) – ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының мүшесі, «Жұлдыз» әдеби журналының Бас редакторы.
Зеріп Айтжанова – «Тілеу-Қабақ» әлеуметтік бастамалар және қолдау қорының ақсақалдар кенесінің мүшесі.
Алмат Исәділ – ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Бейбіт Сарыбай – ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі .