Сансызбай Құттыбаев шығармашылығы

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

2021 жылдың 22 наурыз – 23 мамыр кезеңінде Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Сансызбай Құттыбайұлының поэзиясына арналған мемлекеттік тіліндегі «Шабыт өрені» атты 14 пен 20 жас аралығындағы жас ақындардың арасында мүшәйрасы ұйымдастырылады.

Негізгі мақсаты:

  1. дарынды жас таланттарды анықтап, қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосуына қолдау көрсету;
  2. мүшәйра қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Мүшәйра кезеңдері:

1- кезең (сырттай): 22.03 – 18.04.2021, өтінімді, бейне жазбаны жіберу;

2- кезең (сырттай): 23.04 – 10.05.2021, өлеңдерді жолдау;

3- кезең: 21.05 – 23.05.2021, жүлдегелерді анықтау, марапаттау.

Бірінші кезеңде үміткерлер қатысу өтінімді және ақын Сансызбай Құттыбайұлының шығармаларынан жатқа 10-12 шумақтан аспайтын өлеңін (немесе үзіндісін) оқып шығып, оның бейне жазбасын төменде көрсетілген электрондық поштаға жіберулері қажет.

Екінші кезеңде қатысушылар 10-12 шумақтан тұратын өз таңдауы бойынша келесі тақырыптағы поэзиялық туындыларын жолдауы тиіс (Microsoft Word файл форматында):

1) Туған жерім; 2) Ұлттық сезім; 3) Армандарым.

Үшінші кезеңге өткен қатысушылар Алматы қ. орналасқан Нұр-Мүбәрәк университетінің сахнасында өздерін таныстырып, өлеңдерін оқиды. Жүлдегелер анықталып, марапатталады.

Мүшәйра жүлделері төмендегідей:

Бас жүлде (біреу) – 200 мың теңге;

І –жүлде (үшеу) – 150 мың теңге;

ІІ- жүлде (үшеу) – 75 мың теңге;

ІІІ – жүлде (үшеу) – 40 мың теңге.

Мүшәйра жеңімпаздары дипломмен марапатталады. Үшінші кезеңге өткен қатысушыларға Алматы қаласында жату орны мен тамағы қамтамасыз етіледі. Жүлделі орынға ие болған жас ақындардың шығармалары 12 айдың ішінде бөлек кітапшамен басылып шығарылуы мүмкін (ынталары болса).

Байланыс мәліметтері:

С. Құттыбайұлының шығармашылығына арналған сайт: https://santore.kz/ Өтінімдерді және жұмыстарды жолдауға арналған электрондық пошта: santore.poesy.kz@gmail.com,

Байланыс телефондары: +7 705 201 02 90 Рауан Нарынбай,                                           +7 747 376 96 68 Айдын Нарынбай.